Үкімет • 18 Қазан, 2022

Өңірлерде дағдарыс орталықтары жетіспейді - Әлихан Смайылов

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі Үкімет отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін кешенді түрде шешу қажеттігі айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірлерде дағдарыс орталықтары жетіспейді - Әлихан Смайылов

Фото: primeminister.kz

Аталған мәселе бойынша барлық қадам мен жаңа тәсілдер алдымен қоғамның талқысынан өтеді.

Осы ретте қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеу атмосферасын қалыптастыру үшін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктері кеңінен пайдалануды қажет етеді.

«Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды оңалту мәселесіне көңіл бөлу керек. Оларға тек медициналық қана емес, білікті мамандардың психологиялық, құқықтық көмегі де қажет. Өңірлерде дағдарыс орталықтары мен уақытша бейімдеу мекемелері жетіспейді», деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр осы мақсатта бірқатар ведомство басшыларына тапсырма берді.

1.Ақпарат министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеу және отбасылық құндылықтарды дәріптеу бойынша ақпараттық науқан жүргізуі қажет. Оқу-ағарту министрлігі балалардың бойына отбасына құрмет және үйдегі тәртіп ережелерін сіңіру үшін «мектеп сағатын» ойластыруы тиіс.  

2.Өңір әкімдіктері тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс және уақытша бейімдеу орталықтарын, мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық мекемелер желісін кеңейту шараларын қабылдауы тиіс.  

3.Еңбек министрлігі шын мәнінде мемлекеттің көмегіне мұқтаж, тұрмысы нашар отбасыларды медициналық-әлеуметтік есепке алудың үлгілік қағидаларын әзірлеуі керек.    

4.Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп мәжбүрлеп емдеуге жіберу рәсімдерін жеңілдетуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025