Қоғам • 18 Қазан, 2022

Биыл зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мың шағым түсті

957 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Қазақстан полициясына тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мың шағым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мың шағым түсті

Ішкі істер министрлігінде 2022 жылдың басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мың хабарлама тіркелді. Бұл туралы ведомство басшысы Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Министр атап өткендей, шағымдардың басым бөлігі Шымкент, Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында тіркелді.

«Биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мың дабыл келіп түсті, оның 60%-ы бойынша полиция шара қолдана алмады, өйткені жәбірленушілер сол жерде өтініш беруден бас тартқан. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полиция қызметкерлері шағымсыз «үй тирандарын» жауапқа тарта алмайды», деп атап өтті Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Ведомство басшысының айтуынша, тек 2022 жылы отбасылық-тұрмыстық негізде 668 қылмыс жасалған. Министрлік тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы сигналдар бойынша ден қою шараларын қабылдап жатыр.

Жыл басынан бері 35 мың әкімшілік хаттама жасалды. Оның ішінде сот шешімі бойынша:

  • 10 мыңнан астам адам қамауға алынды,
  • 8,5 мың адам ескерілді,
  • 675 адамға айыппұл салынды.