19 қазанда Астанада екпіні 20 м/с дейін жел күшейеді.
Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Ақмола облысында оңтүстік-батыс жел таңертең және түстен кейін 15-20 м/с, облыстың солтүстік жартысында екпіні 23 м/с болады деп күтілуде, Көкшетауда оңтүстік-батыс жел таңертең және түстен кейін екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыс жел, екпіні 15-20 м/с, Ақтөбеде күндіз оңтүстік-батыс жел, екпіні 15 м/с болады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында батыс, оңтүстік-батыс жел, екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыс жел күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Қостанай облысында оңтүстік-батыстан 15-20 жел соғады, екпіні 23 м/с. Қостанайда күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
19 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс жел 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 25 м/с. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыс жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады деп күтілуде.
Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында Оңтүстік жел, оңтүстік-батыс екпіні 15-20 м/с болады.