Оның бірі көлік басқаруында болса, екіншісі болжам бойынша жәбірленушіге оқ атқан. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін берді. Алдын ала болжам бойынша Ulytau Mall сауда үйінің алдында жас жігіттер арасында сөзге келіспеушілік болып, соңы төбелеске ұласқан. Оқиға орнынан кету кезінде, күдіктілердің бірі 24 жастағы азаматқа оқ атып, ол жерден автокөлікпен ізін жасырған. Жәбірленуші оқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
«Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-99 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде», деп жазылған Рolisia.kz таратқан хабарламада.
Оқиғаға қатысушылардың барлығының жеке бастары анықталды. Қазір оларды ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде.