Оқиға • 19 Қазан, 2022

Павлодар облысында ер адам 12 жастағы баланы ұрып-соққан

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының полицейлері жасөспірімді ұрып-соғу фактісін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында ер адам 12 жастағы баланы ұрып-соққан

Бүгін Instagram парақшасында ер адам кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып, оны балағаттап жатқан видео жарияланды.

– Полиция осы видео бойынша тексеру жүргізді. 8 қазан сағат 14:00 шамасында Тереңкөл ауданы Тілеубай ауылында 44 жастағы ер адам 12 жастағы баланы балағаттап, ұрып-соққаны анықталды. Іс бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Балада дене жарақаттары бар. Қорытынды бойынша денсаулыққа жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген. Осыған байланысты ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 20 қазанда материал сотта қаралады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер бұл жағдайдың себебі жасөспірім мен ер адамның арасындағы келіспеушіліктен туғанын түсіндірді.