Ауа райы • 19 Қазан, 2022

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

269 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада және Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Астанада 20 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с күтіледі. Семейде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с жел соғады. Көкшетауда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Ақтөбеде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Өскеменде оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел болады.

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың солтүстік-шығысына ауысады.

Қостанай облысында түнде оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысында, облыс орталығында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

20 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Түнде батыста, күндіз оңтүстікте, шығыста, облыс орталығында шаңды дауыл күтіледі. Ақтауда түнде шаңды дауыл соғады. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с жел болады. Павлодарда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түнде және таңертең оңтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Тау асуларында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.