Аймақтар • 20 Қазан, 2022

Президенттің Жетісу облысына жұмыс сапары басталды

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Egemen.kz Президенттің баспасөз қымзетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің Жетісу облысына жұмыс сапары басталды

Дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуі өтіп жатыр.

«Жетісу облысының стратегиялық мағынасы баршаға белгілі, тарихы да терең. Киелі топырақта Балпық би, Қабан жырау мен Молықбай қобызшы дүниеге келген. Ілияс Жансүгіров, Біләл Сүлеев, Мұхаметжан Тынышбаев сияқты ардақты азаматтарымыз өсіп-өнген. Сондай-ақ, қасиетті жерден Әбілхан Қастеев, Ғали Орманов, Мұқан Төлебаев, Әнуар Әлімжанов сынды төл мәдениетіміздің көрнекті өкілдері шыққан. Ел ішінде бұл аймақты «Жетісудың жеті кереметі», «Жер жаннаты Жетісу» деп бекер айтпаған», деді Президент жиылған жұрттың алдында.

Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барған еді.

Президент жұртшылықпен кездесуінде өлкенің еліміз үшін ерекше орны бар екенін атап өтіп, Алматы облысын бөлек әкімшілік аумақ ретінде құрудың және оның орталығын Қапшағай жағасына көшірудің маңыздылығына тоқталған болатын.