Президент • 20 Қазан, 2022

Президент Жетісу өңіріне еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Жетісу өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Жетісу өңіріне еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады

Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен «Жетісу» авиакомпаниясының президенті Қалмұхамет Жағыпарұлы Дөңсебаев;

«Парасат» орденімен еңбек ардагері Әуесхан Мажай;

«Құрмет» орденімен еңбек ардагері Әміре Әрінұлы Әрінов;

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Жазылбеков және К» шаруашылық қожалығының шопаны Ардақ Абайұлы Бекчойнов;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Есімжанов» шаруашылық қожалығының төрағасы Мұхит Айтмұхамбетұлы Есімжанов;

«Шапағат» медалімен Безродных атындағы орта мектептің мұғалімі Светлана Петровна Минченко наградталды.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15