Спорт • 20 Қазан, 2022

Азия чемпионатының жүлдегерлері елге оралды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астаналық ағайынды Колодалар бүгін Азия чемпионатынан бір күміс, бір қоламен елге оралды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Азия чемпионатының жүлдегерлері елге оралды

Чемпионаттың жүлдегерлерін темір жол вокзалынан қалалық спорт басқармасының өкілдері мен жақындары ыстық ықыласпен күтіп алды.

«Бұл жеңісті барша Қазақстан халқының жетістігі деп білемін. Баршасына, әсіресе, Астана қаласының әкімдігіне және қалалық спорт басқармасына қолдау жасап жүргені үшін алғысымды айтқым келеді. Елордалық спортшыларды қолдап, осылай күтіп алғанына ризашылығымды білдіремін», дейді Азия чемпионатының күміс жүлдегері Анастасия Колода.

Айта кетейік, биыл 13-16 қазан күндері Кувейт қаласында 30 мемлекеттен 400-ге жуық жеңіл атлет бақ сынаған болатын.

Дүбірлі Азия чемпионатына еліміздің барлық өңірінен 27 спортшы қатысты. Олардың арасында елордалық әпкелі-сіңілі Колодалар да бар.

Атап айтқанда, 400 м кедергілер арқылы жүгірген Анастасия Колода күміс жүлдені еншіледі. Ал Екатерина Колода осы қашықтықта 4-орыннан көрінді.

Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы U18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел қоржынына 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль салып, жалпы командалық есепті бесінші орынмен аяқтады.