Үкімет • 20 Қазан, 2022

Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Арменияға барды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Ереванға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Арменияға барды

Сондай-ақ шараға Арменияның Үкімет басшысы Никол Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Қырғызстанның Үкімет басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей Министрлер кабинетінің төрағасы Михаил Мишустин қатысып жатыр.

«Қазіргі уақытта шағын форматтағы отырыс өтіп жатыр, оның барысында өнеркәсіптік кооперативтік жобаларды қаржыландыру, электрондық сауданы әкімшілендірудің бірыңғай талдамалық жүйесін әзірлеу, Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі шаралар, газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі қадамдар, сондай-ақ бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқылануда», деп жазылған хабарламада.