Қоғам • 21 Қазан, 2022

Атырауда атыс кезінде бір адам қаза тапты

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 қазан күні Атырау қаласында жастар арасында атыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда атыс кезінде бір адам қаза тапты

Полицияның хабарлауынша, Атырау-2 шағын ауданында болған атыстан 2001 жылы туған жігіт көз жұмды. Тағы екі жігіт жарақат алды.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізілді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жастар арасында қақтығыс болған. Оқиғаға қатысқандардың жеке басы анықталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.