Қазақстан • 21 Қазан, 2022

Қостанай облысында сәби өлімі көбейген

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қостанай облысындағы жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қостанай облысында сәби өлімі көбейген

Оның айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанда 7,7 мың сәби дүниеге келген. 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысында ана өлімі тіркелген жоқ. Дегенмен, сәби өлімі өскен.

«Өңірде шала туылған нәрестелерге көмек көрсету сапасын арттыру, патологиясы бар балаларды ерте анықтау сынды шұғыл шешімдерді қажет ететін бірқатар міндет бар. Тағы бір мәселе – сәбилер өлімінің өсуі. Қостанай облысында ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша көрсеткіштің 25%-ға артқаны байқалады», деді А.Ғиният.

Министрдің айтуынша, нәресте өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде пайда болған себептер, сондай-ақ туа біткен ақаулар, үшіншіден жұқпалы және паразиттік аурулар.

А.Ғиният 2021 жылы Қазақстанда 2026 жылға дейін ЭКО-ға 7 мың квота бөлуді қарастыратын «Аңсаған Сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылғанын еске салды. Осы бағдарлама аясында өткен жылы Қостанай облысына 205 квота бөлініп, нәтижесінде 111 әйел жүкті болған. Биыл облысқа 255 квота берілсе, қазір 65 әйел жүкті болған.

Сондай-ақ елде 10 перинаталдық орталық, оның ішінде Қостанай облысында біреуін салу жоспарлануда.