24 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 409

287 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
2014 жылғы 28 сәуір, Астана, Үкімет Үйі Салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердің мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердің мониторингiн жүргiзу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 409 қаулысымен бекітілген Салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердің мониторингiн жүргiзу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердің мониторингiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 19-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердің мониторингін: 1) облыстың ведомстволық бағынысты аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында облыстардың әкiмдiктері; 2) ведомстволық бағынысты аумақта белгiленген шекара шегiнде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері; 3) ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында халқының саны жүз мыңнан асатын облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері; 4) ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында халқының саны жүз мыңға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері; 5) ведомстволық бағынысты аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында аудандардың әкiмдiктерi; 6) мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы жүргізеді. 2. Салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердің мониторингiн жүргізу тәртібі 3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) әкімдіктері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында: 1) жерге тиісті құқық беру туралы берілген шешімдер негізінде салынуы белгiленген объектiлер мен кешендер туралы; 2) бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектінің тапсырыс берушісі ұсынған деректер негізінде салынып жатқан объектілер мен кешендердің мониторингін жүзеге асырады. 4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы: 1) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы қабылданған хабарламалар негізінде салынуы белгiленген объектiлер мен кешендер туралы; 2) бақылау және қадағалау жүргізу қорытындылары бойынша алынған деректер негізінде салынып жатқан объектілер мен кешендер мониторингін жүзеге асырады. 5. Салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердің мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі. 6. Салынуы белгiленген объектiлер мен кешендер туралы мониторинг мынадай деректер негізінде қалыптастырылады (жүргізіледі): 1) объектінің және кешеннің атауы мен мекенжайы; 2) объекті мен кешенің тапсырыс берушісінің (меншік иесінің) толық атауы (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлға үшін); 3) объекті мен кешен құрылысына арналған жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі; 4) объекті мен кешен құрылысына арналған жер учаскесінің нысаналы мақсаты. 7. Салынып жатқан объектiлер мен кешендер туралы мониторинг мынадай деректер негізінде қалыптастырылады (жүргізіледі): 1) объектінің және кешеннің атауы мен мекенжайы; 2) объекті мен кешеннің тапсырыс берушісінің (меншік иесінің) толық атауы (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлға үшін); 3) бас мердігердің (мердігердің) толық атауы; 4) техникалық қадағалауды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты; 5) объекті мен кешен құрылысының басталуы; 6) объекті мен кешен құрылысының нормативтік мерзімі; 7) объекті мен кешеннің жай-күйі туралы ақпарат, ол орындалатын құрылыс жұмыстарының түрлерін қамтиды. 3. Салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердің мониторингi бойынша ақпарат беру тәртібі 8. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) әкімдіктері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әр айдың 5-күніне салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы ақпаратты; 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тоқсан сайын 5-күніне салынып жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпаратты жібереді. Егер келешекте объектілер мен кешендер құрылысы жоспарлауда болмаған жағдайда, салынуы белгiленген объектiлер мен кешендер туралы ақпарат осы тармақта көрсетілген мерзімде берілмейді. 9. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері айдың 10-күніне қарай сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органға мониторинг бойынша жиынтық ақпарат береді. 8. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердің мониторингінің www.minregion.gov.kz ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етеді. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу қағидаларына 1-қосымша _____________ облысы бойынша салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы 20_ жылғы ________ арналған мониторингі № р/с Объект (атауы мен мекенжайы) Тапсырыс беруші Жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы шешімі Жер учаскесінің нысаналы мақсаты Ескертпе 1 2 3 4 5 6   Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу қағидаларына 2-қосымша __________ облысы бойынша салынып жатқан объектілер мен кешендердің 20_ жылғы __________ арналған мониторингі № р/с Объекті (атауы мен мекенжайы) Тапсырыс беруші Бас мердігер (мердігер) Техни-калық қадағалау Құрылыстың басталуы Құрылыстың нормативтік мерзімі Объектінің және кешен- нің жай-күйі туралы ақпарат 1 2 3 4 5 6 7 8