Аймақтар • 22 Қазан, 2022

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге пәтер кілті табысталды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қостанай облысының Әулиекөл қаласында орман өртінен зардап шеккен өңір тұрғындарына жаңа үйлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге пәтер кілті табысталды

«Бір жарым ай бұрын тұтанған өрт өңіріміз үшін ауыр сынақ болды. Жан түршігерлік өрт орман мен 91 үйді шарпыды. Біздің басты міндетіміз инфрақұрылымды қалпына келтіріп, адамдарды әдеттегі өміріне қайтару болды», деді аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов.

Құрылысыс жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Жаңа үйлерді 12 мердігер небәрі бір жарым айдың ішінде салып берді.

«Аз уақыт ішінде Бірлік символдық атауымен біртұтас архитектуралық үлгіде 91 сапалы үй салынды. Әр үй 4 бөлмелі, жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайды», деп қосты А.Мұхамбетов.

л

л

л

Өрт 2 қыркүйек күні сағат 15:10-да Әулиекөл ауданына қарасты Басаман және Семиозерный орман шаруашылығы ауданында басталған. Өрт басталғаннан бері жалпы 43 мың гектар жерді алды. Сондай-ақ елді мекендердегі 91 үйді шарпыды.

Құрылыс жұмыстары үй өрті туралы хабарлама түскеннен кейін бiрден басталды. Сондай-ақ өрттен зардап шеккендерге баспана кезегінде тұрғаны үшін миллион теңге көлемінде өтемақы төленді.