Руханият • 22 Қазан, 2022

Вашингтонда Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы насихатталды

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрнекті қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуын мерекелеу аясында Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі Джордж Вашингтон университеті жанындағы Абай орталығымен бірлесіп, классиктің шығармашылық мұрасын талқылауға арналған онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вашингтонда Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы насихатталды

Іс-шараның негізгі мақсаты - жазушының тағылымын және ой-талғамдарын кеңінен дәріптеу арқылы қазақ халқының мәдениеті, рухани өресі мен ұлттық құндылықтарын насихаттау.

Дөңгелек үстелге қатысқан Қазақстан мен АҚШ-тың академиялық қауымдастықтарының өкілдері қазақ жазушысының ғылыми-шығармашылық мұрасын талқылап, оның қазіргі әлемдегі өзектілігін атап өтті.

Іс-шараны аша отырып, Қазақстан елшісі Ержан Ашықбаев  М.Әуезовтің қазақ әдебиетінің даму тарихына қосқан зор үлесін атап өтті. Сондай-ақ шетелдік жас әдебиеттанушылар мен тыңдаушыларды жазушының шығармашылығын әрі қарай зерттеуге шақырды.

Талқылауға М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры Кенжехан Матыжанов, М. Әуезов мұражай-үйінің директоры Диар Қонаев, Анкара Хажы Байрам Вели университетінің оқытушысы Гульжанат Құрманғалиева-Ержиласун, Джордж Вашингтон университетінің Славян тілдері, кинотану және халықаралық қатынастар бөлімінің профессоры Петер Роллберг, әл-Фараби университетінің профессоры Қанипаш Мәдібаева, жазушы Нұрболат Ақыш және филология ғылымдарының докторы Алуа Темірболат қатысты.

Пікір алмасудың модераторы ретінде Джордж Вашингтон университеті жанындағы Еуропалық, ресейлік және еуразиялық зерттеулер институтының (IERES) директоры Марлен Ларуэль болды.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03