Аймақтар • 23 Қазан, 2022

Павлодарда тағы да өрт шықты

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысындағы Ертіс алқабында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда тағы да өрт шықты

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ертіс алқабында өрт шарпып барады.

«Жалпы аумағы 140 гектарды құрайды. Ауа райының қолайсыздығынан өртті сөндіру қиынға соғуда. Өңірде дауылды ескерту жарияланып, кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с болады», деп хабарлама жасады Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Майский, Баскөл ауылдық округінде, Ертістің жайылмасында 15 гектар, 25 гектар, 37 гектар, 39 гектар, 24 гектар шашылған бес орталықта шамамен 70 тонна жаңа шабылған шөп, құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр. 

Өртті сөндіруге 10 бірлік техника мен 60-тан астам адам жұмылдырылған, оның ішінде Көктөбе орман шаруашылығының орманшылары да бар.