Әлем • 25 Қазан, 2022

Энтони Блинкен қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энтони Блинкен қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

«Америка Құрама Штаттарының атынан барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймын. Америка Құрама Штаттары Қазақстанның егемендігіне, тәуелсіздігіне және аумақтық тұтастығына адал. Біз алдағы жылдары қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтуға үміттенеміз», делінген құттықтау мәтінінде.

Айта кетсек, АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі.