Қазақстан • 26 Қазан, 2022

Ұлттық қордың активтері 100 млрд долларға дейін ұлғаяды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 қазанда Республикалық қоғамдық штабта Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев жеті жыл ішінде шамамен 150 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тарту жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық қордың активтері 100 млрд долларға дейін ұлғаяды

Мемлекет басшысы Ұлттық қордың активтері 100 млрд долларға дейін ұлғайтылатынын атап өтті.

«Қазақстан халқына тиесілі барлық нәрсе оның мүдделеріне қызмет етеді. Ол үшін біз қорды тиімді басқаруды қамтамасыз етеміз, оның инвестициялық табысын арттырамыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, елімізде өңдеу секторын нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту, энергетикалық қуаттарды арттыру бірінші кезектегі міндет болмақ.

«Біз аграрлық салаға қуатты серпін береміз, өнеркәсіптің базалық салаларын күшейтеміз және жоғары қайта бөлу өнімдерін шығаратын жаңа салалар құрамыз. Біз теңгерімді және ашық салық, бюджет, ақша-несие және тарифтік саясатты жүргізетін боламыз. Инфляцияны тежеу үшін жүйелі шаралар қабылдауымыз керек», деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, дәл осындай экономика халқымыздың әл-ауқатының тұрақты өсуінің негізі болады.

Сондай-ақ Президент 2025 жылдан бастап инфляция деңгейіне байланысты ең төменгі жалақыны ұлғайту тетігі енгізілетінін қоса айтты.

«Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 4,7 млн адамға жетеді», деді Қ. Тоқаев.