Қоғам • 26 Қазан, 2022

«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы қашан аяқталады?

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы қаражатты толық игергеннен кейін ғана аяқталады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы қашан аяқталады?

«Біз қаражаттың толық игерілуін күтеміз. Бастапқыда бізде жеті бағдарлама болды, бүгінде олардың бесеуі қалды. Біз олардан жоспарлы түрде шығамыз. «7-20-25» бағдарламасы бойынша біз барлық қаражатты толық игергеннен кейін ғана шығамыз», деді Ғалымжан Пірматов баспасөз мәслихатында.