Қоғам • 27 Қазан, 2022

Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» рақымшылық жасалмайды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» рақымшылық жасалмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» рақымшылық жасалмайды

«Қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін 20 адамға, соның ішінде Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ оларға рақымшылық жасалмайды», деді Ә.Шындалиев.

Еске салсақ, ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады. Қайрат Құдайберген Арман Жұмагелдиевпен бірге адам жинауды ұйымдастырған.