Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Нұрлан Әбдіров клуб қатысушыларын Президент сайлауын өткізудің ерекшеліктерімен, сондай-ақ сайлау науқанының барысымен таныстырды. Жастардың сайлау үдерісіндегі электоралдық мәдениеті мен белсенділігін арттырудың маңыздылығы жайында ашық және мазмұнды талқылау болды.
Клуб қатысушылары өткен сайлау науқандарындағы өздерінің кандидаттар, сенім білдірілген адамдар және ұлттық байқаушылар ретіндегі тәжірибелерімен бөлісті. Жастардың сайлау институтына деген қалыптасқан сенімсіздігінің, сайлау үдерісінің кейбір қатысушылары арасында құқықтық сауатсыздықтың болуына байланысты Орталық сайлау комиссиясының жас сайлаушылармен оқыту және ақпараттық-түсіндірмелі бағыттағы жүйелі жұмысты жалғастыруы туралы ұсыныстар айтылды. Бұл орайда қатысушылардың басым көпшілігі Орталық сайлау комиссиясының ағымдағы сайлау науқанында жастар ұйымдарының, саяси партиялардың өкілдеріне арнап өткізген семинарларын оң тәжірибе ретінде атап өтті.
Президент сайлауына байланысты сайлау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету, ұлттық байқаушылардың құқықтарын сақтау, сондай-ақ жас электораттарға арналған ақпараттық-коммуникациялық жұмысты жаңғырту туралы ұсыныстар айтылды.