Қазақстан • 28 Қазан, 2022

Президент ТМД үкімет басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы ТМД үкімет басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.

Президент ТМД үкімет басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті

Bort_01

Президент ТМД елдері делегацияларының басшыларына ілтипат білдіре отырып, экономикалық серіктестікті кеңейту үшін жағдай жасаудың маңыздылығын айтты.

г

«Жуырда ТМД-ға мүше елдердің басшыларының Саммиті өтті. Біз өзара ынтымақтастықты арттыруға, экономиканың әлеуетін нығайтуға деген ортақ ниетімізді білдірдік», деді Мемлекет басшысы.

г

Қасым-Жомарт Тоқаев шиеленісе түскен геосаяси қайшылықтарға, әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа назар аудара отырып, бірқатар тиімді шара қабылдауға шақырды.

«Бұл ретте өзара сауда-экономикалық ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Өздеріңізге мәлім, Қазақстанның биылғы төрағалығы аясында ТМД-ның 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының міндеттерін белсенді жүзеге асыру ісі жалғасты. Халықаралық нарықтағы дағдарыс жағдайына қарамастан, экономикамыз біртіндеп қалпына келе бастады», деді Президент.

р

пн

Мемлекет басшысы кедергілерді жоюға, протекционизмге жол бермеуге, қолайлы тарифтік шарт қалыптастыруға, әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге шақырды.

п

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселелеріне де тоқталды. Атап айтқанда, Еуразия нарықтарына жаңа мүмкіндіктер ашатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының келешегі бар екенін жеткізді.

«Бұл мәселенің өзектілігі артып келеді. ТМД-ға мүше мемлекеттер қолда бар әлеуетті дамыту үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады. Атап айтқанда, Иранға, Парсы шығанағы мен Үндістанға шығатын «Солтүстік – Оңтүстік» бағыты бойынша сауда-саттықты өркендету маңызды», деді Президент.

Сөз соңында Астанада өтіп жатқан ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысы бұл - Достастыққа мүше елдердің алдында тұрған міндеттерді шешуге өз үлесін қосатынына сенім білдірді.