Қоғам • 29 Қазан, 2022

Ақтау тұрғындарынан 2 келі есірткі тәркіленді

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 28 қазан күні сағат 17:15 шамасында синтетикалық есірткі заттарын сақтаған екі адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтау тұрғындарынан 2 келі есірткі тәркіленді

Қаланың өнеркәсіптік аймағында 19 жастағы қыз бен 21 жастағы жігіт ұсталды.

Жеке тінту барысында екеуінен де «мефедрон» және «жылдамдық» синтетикалық есірткі заттары бар 49 байлам тәркіленді.

Ұсталған азаматтардың үйін тексеру кезінде тағы 4 пакет синтетикалық есірткі табылды. Алынған заттардың жалпы салмағы екі килограмды құрады.

Аталған факт ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.