Ауа райы • 29 Қазан, 2022

Қазақстанның 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республиканың бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 30 қазан күні түстен кейін Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.

Орталықта, Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, Алакөл ауданында екпіні 15-20, күндіз 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде де көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады деп болжануда.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының оңтүстігінде көктайғақ күтілуде.

Таңертең және түстен кейін Түркістан облысының таулы және тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, 31 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады.

Шымкентте 30 қазан күні таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр жауады.