Аймақтар • 30 Қазан, 2022

Жетісу облысында 3 балдық жер сілкінісі болды

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдан 241 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысында 3 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының солтүстік-шығысында Жетісу облысы Панфилов ауданының аумағында Қоңырөлең ауылынан 22 км жерде орналасқан.

Энергетикалық класс - 10.5.

MPV магнитудасы - 4.9.

Эпицентрдің координаттары - 44.47° С. Е. 79.34° ш. б.

Тереңдігі - 25 км.

«Ақпарат алынғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарға, Полиция департаментіне, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарға хабарланып, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтыланды, құрбан болғандар туралы хабарлама түскен жоқ», деп хабарлады Жетісу облысының ТЖД баспасөз қызметі.