8 күн ішінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қабылдауына сайлаушылардан 3460 ұсыныс пен тілек түсті. Оның 640-ы toqaev2022.kz сайты арқылы келген.
Ұсыныстың басым бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру – 598 (21,2%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 492 (17,4%), жер қатынастары – 358 (12,7%), білім беру – 210 (7,4%) салаларына қатысты.
«Азаматтар келіп, кандидаттан не күтетіні туралы өз ұсыныстарын айтады. Сондай-ақ сайлауға қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес алуға болатын call-орталығы жұмыс істейді», қабылдау бөлімінің меңгерушісі Әлия Садырбаева.
Қазақстан бойынша 227 қабылдау бөлімінде сайлаушылармен кездесулер өткізіліп жатыр. Оның ішінде 689 кездесу, 2 мыңнан астам адам қабылданды.