Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Ақтөбе облысы полициясының баспасөз қызметі қылмысқа қатысы бар 13 күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Олардың арасында түнгі клубтың бастығы да бар. Ол аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны, сондай-ақ дер кезінде медициналық көмек көрсету шараларын қолданбағаны үшін қамауға алынды.
Қазір барлық күдікті сот қаулысымен тергеу мерзіміне қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Сондай-ақ полиция департаменті қылмыстық істі тергеу барысында азаматтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық ойын-сауық мекемелерінде тексеру басталатынын айтты.
Аталған оқиға 27 қазанда белгілі болды. Кейін полиция осы іс бойынша тоғыз күдіктіні ұстады. Бір күн өткен соң Астанада екі адам өлтірді деген тағы үш күдікті ұсталды.