Қазақстан • 31 Қазан, 2022

Қазақстан мен Германия СІМ басшылары келіссөз жүргізді

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Қазақстанға алғаш рет жұмыс сапарымен келді. Жұмыс бағдарламасы аясында ол Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қабылдауында болды және Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Германия СІМ басшылары келіссөз жүргізді

ҚР СІМ-де өткен кездесу кезінде тараптар Қазақстан-Германия қарым-қатынасының экономикалық ынтымақтастық және осы жылдың алғашқы сегіз айында 1,7 млрд еуроға жеткен тауар айналымын одан әрі арттыру перспективаларынан бастап, Қазақстан өңірлерінде ЖЭК саласындағы неміс флагмандары Goldbeck Solar және Svevind компанияларымен бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ескере отырып, энергетика саласындағы кооперацияның жаңа түрлеріне дейінгі барлық спектрі бойынша пікір алмасты.

щ

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары тығыз және сенімді диалогтың болуын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар мәселе бойынша ұстанымдардың ортақтығын атап өтті. Қазақстанның бейбітшілік пен келісім жолындағы халықаралық, этносаралық және дінаралық диалогты құрудағы рөлі ерекше аталды.

Астана мен Берлиннің көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласында сындарлы өзара іс-қимылға деген қызығушылықтарына айрықша назар аударылды. Қазақстанның Германия мен Еуропаға пайдалы қазба, тамақ өнеркәсібі өнімдері, шикі мұнай және басқа да энергия ресурстарын жеткізуде сенімді серіктес екеніне тоқтала келе, М. Тілеуберді қазақстандық тараптың герман серіктестеріне ерекше артықшылықтар беруді кең ауқымды инвестициялар мен неміс технологиялардың трансферіне алмастыруға дайын екенін айтты.

з