Тағайындау • 31 Қазан, 2022

Алексей Цой жаңа қызметке тағайындалды

2282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Президент Іс Басқарушысының бұйрығымен Алексей Цой Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Республикасы ПІБ сайтына сілтеме жасап.

Алексей Цой жаңа қызметке тағайындалды

А. Цой Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясын бітірген. Медицина ғылымдарының докторы, медицинадағы іскерлік әкімшілендіру докторы. 

Ол бұған дейін дәрігер-эндоскопист, «Еуроазиялық респираторлық қоғам» қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, «Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығы» ММ бастығы,  Астана қаласы әкімдігінің «№1 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК бас дәрігері, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.