Білім • 01 Қараша, 2022

Қазақстанда ректорлар кеңесінің қызметі трансформацияланады

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары оқу орындарында басқару жүйесін жетілдіру жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ректорлар кеңесінің қызметі трансформацияланады

«Жоғары оқу орындарында басқару жүйесін жетілдіру мақсатында ректорлар кеңесінің қызметін трансформациялау жоспарлануда», деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында Сингапур мысалы қолданылып, талант-менеджмент бойынша түпкілікті саясат енгізіледі.

«Жұмыс берушілердің, бизнес-құрылымдар, кәсіптік және қоғамдық бірлестіктер, өңірлік әкімдіктер өкілдерінің корпоративтік басқаруға қатысуын кеңейту бойынша жұмыс жалғасады», деп түйіндеді министр.