Саясат Нұрбек жоғары білім беруді интернационалдандыру мәселелеріне тоқтала кетті.
Министр баяндамасына сәйкес елімізде келесі шетелдік университеттердің филиалдарын ашу жоспарлануда:
- Хериот Ват университеті (Ұлыбритания) - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында.
- Калгари университеті (Канада), Вагинген университеті (Нидерланды) - Шәкәрім университеті базасында;
- Берлин Техникалық Университеті (ГФР) Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында;
- І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм саласындағы шетелдік жоғары оқу орнының филиалы.