Қоғам • 01 Қараша, 2022

Әлібек Қуантыров құмар ойынға қатысы бар шенеуніктер жайлы пікір білдірді

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Алматы облысының казиносында 507 млн теңгеден қағылған шенеуніктерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлібек Қуантыров құмар ойынға қатысы бар шенеуніктер жайлы пікір білдірді

Үкімет отырысынан кейін тілшілер Ұлттық экономика министрінен мемлекеттік қызметшілер мұндай соманы қайдан алғанын сұрады.

«Олар өздерінің жеке жинақтарын жұмсаған. Егер адам құмар ойынға жақын болса, онда ол өзінің табысы мен қолда бар қаражатынан басқа да табыстарға ие бола алады, іздей алады, қарыз ала алады. Бұл тек мемлекеттік қызметшілерге ғана қатысты емес. Бұл құмар ойындарға қызығатын кез келген азаматқа қатысты», деп жауап берді Әлібек Қуантыров.

19 қазанда мемлекеттік қызметшілер Алматы облысының казиносында 507 млн теңге жұмсағаны белгілі болды. Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, түрлі өңірлерден 305 шенеунік мемлекеттік қызмет атқару кезеңінде ойын мекемелеріне барған.