Турнирге өз елімізден Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Орал, Ақсай және Астана қалаларының былғары қолғап шеберлері қатысты.
Биыл 24-ші мәрте өткізіліп отырған бұл турнирге 18 жасқа толмаған жастар ғана қатысады. Жасөспірімдер арасында олимпиадалық спорт түрін насихаттап, жас боксшыларға жаңа спорттық дағды қалыптастыру, тәжірибе алмасуда бұл турнирдің маңызы өте зор. Турнирге «Бәйтерек» супермаркеттер желісінің директоры Айбек Омаров бас демеуші болды.
Сонымен, 4 күнге созылған дәстүрлі турнирде 44 кило салмақта – Баубек Жақсылық (Атырау облысы), 46 килода – Мақсат Рашид (Атырау облысы), 48 килода – Бақдәулет Түрікменбай (Маңғыстау облысы), 50 килода – Дәурен Тасқалиев (Ақсай), 52 килода – Шахбос Эргашев (Өзбекстан), 54 килода – Бекарыс Серікбай (Ақсай), 57 килода – Ерхан Амангелдиев (Ақтөбе), 60 килода – Хикматулло Улмасов (Өзбекстан), 63 килода – Андрей Новик (Беларусь), 66 килода – Акбар Ахмедов (Өзбекстан), 70 килода – Кирилл Корженевич (Беларусь), 75 килода – Акаман Тұяқбай (Атырау облысы), 80 килода – Нұржан Ғибадатов (Ақсай), 80 килодан жоғары салмақта Диас Деменов (Орал) чемпион атанды.
Бұған қоса, атыраулық Әлихан Сағындық – «Жеңіске деген жігері үшін», өзбекстандық Шахбос Эргашев – «Үздік боксшы», қырғызстандық Амантур Джумаев «Үздік жекпе-жек техникасы мен тактикасы үшін» деп аталатын жеке аталымдар бойынша марапатталды. Турнирдің үздік жаттықтырушысы болып Өзбекстаннан келген бапкер Музаффар Усманов танылды. Үздік төрелік үшін аталымына Қырғызстаннан келген Мирлан Жээнбаев ие болды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен, кубоктермен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Батыс Қазақстан облысы