Спорт • 02 Қараша, 2022

Қазақстандық гимнасттар Ливерпульде топ жарды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының көшбасшылары Милад Карими мен Нариман Құрбанов Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық гимнасттар Ливерпульде топ жарды

Милад Карими еркін жаттығуларында жоғары нәтиже көрсете алды. Ол 14.733 ұпай жинап, үшінші орыннан финалға жолдама алды.

Ал Нариман Құрбанов іріктеу кезеңін үшінші болып аяқтады. Гимнастикалық ат үстіндегі жаттығуларда төрешілер оның өнерін 15.033 ұпайға бағалады.