Ауа райы • 02 Қараша, 2022

3 қарашаға арналған ауа райы болжамы

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 3 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

3 қарашаға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, еліміздің барлық аумағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, батыста, солтүстікте төменгі боранмен, солтүстікте, батыста, орталықта көктайғақ күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр жауады.

Астанада ауыспалы бұлт, кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 0-2°С, күндіз + 3 + 5°С болады.

Алматыда күн бұлтты болмақ, түнде күннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Жел 2-7 м/с дейін соғады. Ауа температурасы түнде +5 + 7°С, күндіз + 10 + 12°С.

Шымкентте ауыспалы бұлт болады, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +14+16°С.