Қазақстан • 03 Қараша, 2022

Шахтинскте қаза тапқан кеншілердің тізімі жарияланды

308 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

3 қарашада Қарағанды облысының әкімдігі Шахтинсктегі шахтада орын алған апат кезінде қаза тапқан кеншілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шахтинскте қаза тапқан кеншілердің тізімі жарияланды

Апат кезінде жер астында 106 адам болған. Олардың 101-і дереу эвакуацияланды. Оқиға орнынан шыға алмаған бес адам қаза тауып, тағы төртеуі зардап шекті.

Қаза тапқан кеншілердің тізімі:

1.Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 8 жыл. Анасы қалды.

2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 21 жыл. Ата-анасы мен екі баласы қалды.

3. Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 13 жыл. Әкесі, жұбайы, қызы және асырауындағы тағы бір адам қалды.

4. Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 8 жыл. Ата-анасы қалды.

5. Елтібеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі. Жұмыс өтілі - екі ай. Әкесі қалды.

Еске сала кетсек, Бүгін түнгі сағат 03:03-те Ленин атындағы шахтада газды дренажды ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен метан шығарылды.

Полиция «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеуді бастады.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетілетінін хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Шахтадағы оқиғаға байланысты төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин апат орнына барып, арнайы комиссия жұмысын бастады.