Имран Хан Исламабад қаласында өткен наразылық шеруін басқарған. Экс-премьер елде кезектен тыс президент сайлайын өткізуді талап еткен еді.
Атыс салдарынан тағы төрт адам жарақат алғаны қоса хабарланды.
«Шабуылдаушылардың біріне оқ тиді, алдын ала ақпарат бойынша ол мерт болды. Полиция тағы бір адамды ұстады», деді бұрынғы премьер-министрдің көмекшісі Рауф Хасан.
Оның айтуынша, оқ көпшіліктің арасынан атылған.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 70 жастағы саясаткер Лахордағы ауруханаға жеткізілді.