Қазақстан • 04 Қараша, 2022

Қонаевтанушы – құрметті азамат

641 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі қаламгер, қонаевтанушы Ораз Қауғабай «Алматы облысының құрметті азаматы» атанды. Оны танымал публициске Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында тапсырды.

Қонаевтанушы – құрметті азамат

Бұл марапаттың қалам­герге Қонаев қаласында бері­ліп отырғаны тегін емес. Ораз Қауғабай ұзақ жыл­дан бері мемлекет және қо­­ғам қайраткері Дінмұха­мед Қонаевтың өмір жолын зер­делі зерттеп, жұртшы­лық­қа біраз дүние ұсынды. Со­ның ішінде қаламгердің «Таңғажайып Қонаев» атты роман-эссесін ерекше айтуға болады. Аталған туынды 2008 жылы «Қазығұрт» бас­­­пасынан жарық көрді. 2014 жылы оқырмандар сұ­раны­сымен қайта басылды.

Бұл кітапта тұғырлы тұл­­­­­ғаның ата-анасы, бала­лық шағы, қызыққа толы сту­дент­­тік өмірі, қыз­мет жолы көр­кем баяндал­ған. Со­нымен бірге қа­йрат­кер­дің былайғы жұрт­шы­лық біле бер­мейтін кісілік, қара­пайымдылық, па-р­асат­тылық қасиеттері де кө­рініс тапқан. Әсіресе отыз бес тарау­дан тұратын роман­дағы «Ке­меңгердің кітапханасы» атты бөлімінде ардақты аза­маттың қасиетті Құран кіта­-

бын қалай сақ­­та­ға­ны туралы шынайы сыр шер­теді.

Биыл Дінмұхамед Қонаев­­тың туғанына 110 жыл толды. Осы айтулы жыл аясында қай­рат­кер өмірін зерттеп жүрген қалам­гер еңбегінің ескерілуі – ел құрметінің белгісі.