Қазақстан • 04 Қараша, 2022

«Арселор Миттал Теміртауға» қатысты санкция қолданылуы мүмкін

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев компания басшылығы экологиялық талаптарды орындамаған жағдайда «Арселор Миттал Теміртауға» қатысты қолданылатын санкциялар туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Арселор Миттал Теміртауға» қатысты санкция қолданылуы мүмкін

«Арселор Миттал Теміртау» келесі жылға әлі рұқсат алған жоқ. Егер олар біздің талаптарымызбен келіспесе, олар келесі жылға экологиялық рұқсат ала алмайды. Компанияның өзі экология мәселелеріне көп көңіл бөледі. Біз оларға келесі жылға экологиялық рұқсат алу үшін белгілі бір талаптар қоямыз. Бұл талаптардың ең маңыздысы - шығарындыларды азайту», деді Серікқали Брекешев елорда тұрғындарымен кездесуде.

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зульфихар Жолдасов аталған компанияға соңғы үш жылда экологиялық талаптарды сақтамағаны үшін 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынғанын хабарлады.

«Биыл компанияны тексерістен өткіздік. Қазір біз 1 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл дайындап жатырмыз. Біз қалдықтардың шығарындылармен байланысты көптеген сәйкессіздіктерін таптық. Бұл үлкен мәселе. Соңғы тексеру деректері бойынша, 3 жыл ішінде компанияға 3 млрд теңге көлемінде айыппұл салынған», деді комитет басшысы.