
«2025 жылға дейін Астана толығымен газдандырылады деген үміттеміз. Біз көмірге жылыту құралы ретінде тыйым салу туралы ұсынысты қарастырып жатырмыз. Әрі қарай көрейік. Қаланы газдандыру бойынша жұмысты аяқтап, содан кейін осы бағытта нақты шаралар қабылдайық», деді Серікқали Брекешев елорда тұрғындарымен кездесу барысында.