Ауа райы • 05 Қараша, 2022

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, республикада тұман болады, жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте – аздаған қарлы боран, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте – көктайғақ күтіледі.

«Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар жауады, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады»,  делінген Қазгидромет болжамында.