Президент • 05 Қараша, 2022

Президент Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады

Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі кеңейтіп, тату көршілік байланыстарды нығайту маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ Президент Қазақстанның Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалған Әлібек Бақаевты қабылдады. Кездесуде Аустриямен және салалық халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастың қарқынын арттырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше мән беру қажет екені айтылды.

ф

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілеріне серіктес мемлекеттермен арадағы екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.