Елорда • 06 Қараша, 2022

Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

275 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі «Астана Арена» стадионының жанындағы автотұрақта орналасқан аумақта өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

Астанада осы жылдың 27 тамызы мен 30 қазаны аралығында апта сайын өңірлік кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілді. Осы уақыт ішінде 15 облыстың фермерлері елордаға 5500 тоннадан астам өнім әкелді. Бұл ет, көкөністер, жемістер, ұн, макарон, бал, балық, кондитерлік өнімдер, сүт өнімдері және басқалар. Маусым айынан бастап әр демалыс күндері елорда тұрғындарының азық-түлікті нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі болды. Бүгін дәстүрлі жәрмеңкені елордалық кәсіпкерлер жалғастырды.

ф

Қала тұрғыны Айкерім Жұмағұлова жәрмеңкеге әр демалыс сайын келетінін айтты.

«Демалыс күндердің жәрмеңкесі біздің қаламызда үнемі өтіп тұратынына қуаныштымыз. Біз мұнда келіп сүт сатып алуға дағдыланғанбыз. Май мен кілегей де өте дәмді. Кәдімгі дүкендерде олар мұндай дәмді емес және бағасы да қымбатырақ. Сүт өнімдерінің жарамдылық мерзімі қысқа болғандықтан, біз қажетті өнімді тек бір аптаға аламыз. Қалада өмір сүріп, ауылдың майы мен кілегейімен тамақтанған қандай жақсы. Жәрмеңкелер жалғаса берсін», дейді астаналық әйел қолындағы кілегей мен сүт салынған пакетті көрсетіп.

Дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде тауар өндірушілердің, кәсіпкерлердің және астананың көтерме сатушыларының қатысуымен азық-түлік тауарларының алуан түрі ұсынылған. Мұнда көкөністер, жемістер, ет және сүт өнімдері, балық, бал және басқалары арзан бағамен сатылады.

Айта кетейік, жәрмеңке апта сайын сенбі және жексенбі күндері «Астана-Арена» стадионының тұрақ аймағында өтеді.