Аймақтар • 07 Қараша, 2022

«Астрахан-Маңғышлақ» су құбыры жаңартылады

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресеймен шекаралас Қиғаш өзенінен басталып, екі облыс аумағынан өтетін «Астрахан-Маңғышлақ» су құбырын жаңғырту жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінде бұл су құбыры Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының, сондай-ақ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарының тұтынушыларын сумен қамтамасыз етудің жалғыз орталықтандырылған көзі. 

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі су құбырының максималды өнімділігі – тәулігіне 110 мың текше метр екенін айтады.

«Қайта жаңғырту жобасы аясында су құбырының өнімділігі тәулігіне 170-200 мың текше метрге дейін ұлғайтылады. Іске асыру мерзімі 2022-2023 жылдарға жоспарланған», деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

«Сары тентек» сарыны

Әдебиет • Кеше

Ұлытау ұлары

Тұлға • Кеше

Тағдыр тәпсірлері

Әдебиет • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Абай тапсырған асатаяқ

Жәдігер • Кеше