Қазақстан • 07 Қараша, 2022

Қазақстанда ұн бағасы айтарлықтай өсті

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұнның бөлшек саудадағы бағасы 45%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz Еnergyprom интернет басылымына сілтеме жасап. 

Қазақстанда ұн бағасы айтарлықтай өсті

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында дәнді дақылдар мен көкөніс ұнынан, сондай-ақ олардың ұсақ тартудан алынған қоспаларынан ұн өндіру 2,3 млн тоннаны құраған, бұл былтырғымен салыстырғанда 1,5%-ға артық. Бұған дейін үш жыл қатарынан өндіріс көлемінің төмендегені байқалған.

Өндіріс көлемінің жартысынан астамы үш облысқа ғана тиесілі болған. Олар: Қостанай (784,1 мың тонна), Солтүстік Қазақстан (243,7 мың тонна) және Шымкент (197,6 мың тонна).

Өндірістің жалпы көлемінен ұсақ ұнтақталған бидай немесе қышқыл ұн шығару 2,2 млн тонна, бидайдан басқа дәнді дақылдардан алынған ұсақ ұнтақталған ұн – 5,8 мың тонна, биязы және ірі көкөніс ұны – 8,3 мың тоннаны құраған.