Аймақтар • 07 Қараша, 2022

Министрлік Риддердегі жағдайға қатысты түсініктеме берді

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі «Риддер ЖЭО» АҚ-дағы жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік Риддердегі жағдайға қатысты түсініктеме берді

7 қарашада сағат 3:40-та Риддер ЖЭО-да №2 қазандық іске қосылды, №1 қазандық іске қосуға дайындалуда. Жылу желілеріндегі жеткізу температурасы кесте бойынша – 70 градус, іс жүзінде 30 градусқа дейін төмендеді.

«2022 жылғы 3 қарашада Риддер ЖЭО-ны шлактан тазарту үшін №3 қазандық тоқтатылды. 4 қарашада №2 қазандық, 6 қарашада қосалқы жабдық бойынша ақауларды жою үшін №1 қазандық және қыздыру бетіндегі ақауларды жою үшін №6 қазандық тоқтатылды», делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетсек, «Риддер ЖЭО» АҚ-дағы төтенше жағдайға байланысты құрылған жедел штабқа Энергетика министрлігіне қарасты Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінің өкілдері кірді.

«Қазіргі уақытта жергілікті ауқымда жарияланған төтенше жағдайдың режимі шеңберінде Өскемен және Согра ЖЭО энергетиктерін тарта отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылды, сондай-ақ мазут қорларын жедел толықтыру жүзеге асырылуда», деп қосты ведомствоның баспасөз қызметі.