Президент • 07 Қараша, 2022

Маңғыстауда жаңа 21 мектеп салынады

5450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Маңғыстау аймағында алдағы үш жылда 21 мектеп салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Маңғыстауда жаңа 21 мектеп салынады

«Орта білім беру саласындағы жағдай да мәз емес. Облыстағы 13 мың оқушыға мектептен орын жетпей жатыр. Апатты жағдайда тұрған, үш ауысыммен оқытатын мектептер бар. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша Маңғыстау аймағында алдағы үш жылдың ішінде 21 мектеп салынады. Бірақ бұл да жеткіліксіз», деді Президент Маңғыстау облысындағы жиында.

Сондай-ақ ол облыс әкімдігіне үш жылдың ішінде үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесін толық шешуді тапсырды.

«Бұл жұмыста бизнестің мүмкіндігін кеңінен пайдаланған жөн. Қажетті тәжірибе бар. Соңғы екі жылда аймақта 19 жекеменшік мектеп ашылған. Облыста қала мен ауыл, Ақтау мен Жаңаөзен мектептері арасында білім сапасы бойынша орасан зор алшақтық бар. Бұған жол беруге болмайды», деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Президент білім деңгейі әр баланың тұлға болып қалыптасуына әсер ететінін айтып, барлық оқушыға бірдей сапалы білім берілуі керегін айтты.