28 Мамыр, 2014

Павлодар облысында көліктік инфрақұрылымды дамыту жоспарланған

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-05-14-evrosoiuz-1

АСТАНА. 28 мамыр. Экономикалық ықпалдастық аясында Павлодар облысында көліктік инфрақұрылымды дамытуға зор көңіл бөлінгелі тұр. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Еуразиялық интеграция аясындағы өңіраралық өзара іс-қимыл мәселелері» атты брифингте Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов айтты. BNews.kz тілшісінің осыған орай хабарлауынша, бірыңғай көліктік орта қалыптастырудағы бұл қадамның берері мол. «Экономикалық ықпалдастықтың маңызды бағыты – бірыңғай көліктік орта қалыптастыру. Қазақстан Еуразия құрылығының ортасында орналасқан, яғни осы заманғы көліктік инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту жұмысы жүргізіледі. Бізде Астана – Павлодар – Өскемен жаңа автомобиль жолы салынып жатыр. Омбы – Майқапшағай трассасы қайтадан жаңартылуда», - деді Д.Тұрғанбай. Павлодар қаласында көліктік-логистика терминалын салу жоспарланып отыр. Ол әлемдік талаптарға жауап беретін ірі қойма-терминал болмақ. «Осының барлығы Қазақстан және Ресей арасындағы жүк ағынын арттыруға мүмкіндік береді, жүк тасу уақытын қысқартады. Бүгінде бізде Мәскеу, Санкт-Петербор, Минск қалаларына дейін әуе бағыты жүзеге асырылып отыр. Біз қазір Омбы, Новосібір және Барнауылға әуе рейсін ашу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - дегенді қосты ол. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: Primeminister.kz. Фото: hvylya.org.