28 Мамыр, 2014

Елбасы «Кедейлiктi жоюдың жол картасын» әзiрлеуді тапсырды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-01-01-nazarbaev-2

АСТАНА. 28 мамыр. Азия мен Африканың ең кедей елдерiнде адамзат капиталын дамытудың ауқымды құралдарын қарастыратын «Кедейлiктi жоюдың жол картасын» әзiрлеу қажет. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлiмдедi. Bnews.kz тiлшiсiнің хабарлауынша, Мемлекет басшысы мұны Астана экономикалық форумы аясында сөйлеген сөзінде айтқан. «Азия мен Африканың ең кедей елдерiнде адамзат капиталын дамытудың ауқымды құралдарын қарастыратын «Кедейлiктi жоюдың жол картасын» әзiрлеу қажет. Экономикалық қарым-қатынастарды саясаттандырудан арылу керек», - деді осы орайда Н.Назарбаев. «Мен жаңа ғана Нобель сыйлығы лауреаттарымен кездестiм. Мұхаммед Юнус мырза бүгiнгi күнi банктердiң бай елдер үшiн жұмыс iстейтiнi туралы айтқан болатын. Сондықтан, кедейлерге назар аудару, шағын несиелер, олардың әсiресе әйелдерге берiлуi, жастарды жұмыспен қамту мәселелерi бiздің алдымызда тұрған маңызды мiндеттердiң бiрi», - деп түйіндеді Президент. Сәкен Майлыбай. Дереккөз: Bnews.kz. Фото: Ақорда сайты.