Геннадий Головкин отандасы Айдос Ербосынұлына арнаған ақжарма тілегін өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Қазір ауруханада жатқан спортшыға Димаш Құдайберген де жылы лебіз білдірді.
«Қазақтың нағыз намысты жігіті! Алла шипасын берсін.Тезірек сауығып, отбасың мен еліңді қуантуға жазсын. Дұғадамыз…», деп жазды әнші.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Айдос Ербосынұлы жекпе-жектен кейін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгіп, жасанды комаға жатқызылған еді. Бүгін боксшының жағдайы белгілі болды.